10
сентябрь
2025
«Отбасы күніне» орай тәрбие сағаттары өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Отбасы күніне» арналған «Отбасы – махаббат пен мейірім мекені» тақырыбындағы онкүндік барысында «Салауатты өмір салты – басты құндылық» және «Біздің үйдің 5 ережесі» тақырыптарында тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты – білім алушыларға денсаулықтың адам өміріндегі басты құндылық екенін түсінуіне, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру және әр отбасындағы сыйластық пен тәртіптің маңыздылығын ұғындыру.


