03
ноябрь
2025
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанның ашылуы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 2025 жылы 3 қараша күні «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны орай 3-28 қараша күні аралығында «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанның ашылуына, мектепшілік "Өзін-өзі басқару" ұйымы және "Жас Ұлан" балалар және жасөспірімдер ұйымы, «Жас сақшы» тобының мүшелері және балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілі Н.Әзімханның қатысуымен өткізілді. Науқанның мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.





