«Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
13 қараша 2025 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күніне орай «Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің нышаны» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға ұлттық валютаның тарихын таныстыру, оның еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын басты белгілерінің бірі екенін ұғындыру, экономикалық сауаттылықты арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар 1993 жылы 12 қарашада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын айналымға енгізу туралы» жарлыққа қол қойғанын, ал 1993 жылғы 15 қарашадан бастап теңгенің ресми айналымға енгізілгенін білді.
Сабақта оқушыларға ұлттық теңгенің алғашқы үлгілері, олардың авторлары мен дизайны туралы мәлімет беріліп, викториналық сұрақтар мен танымдық бейнематериалдар ұсынылды.
