11
ноябрь
2025
«Қазақ қызы деген атаққа лайық болайық!» тақырыбында баяндама
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 14 қараша күні «Қазақ қызы деген атаққа лайық болайық!» тақырыбында баяндама негізіндегі ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Шараның мақсаты – қыз балалардың ұлттық тәрбиедегі орнын айқындау, инабаттылық пен мәдениеттілік қасиеттерін дамыту, өзін-өзі құрметтеу мен жауапкершілікті қалыптастыру.
Кездесу барысында “Қыз Жібек” қыздар клубының жетекшісі Н. Исыраилова және мектеп психологы Э. Ахметова мазмұнды баяндамалар оқып, қыз балалар тәрбиесі, мінез-құлық мәдениеті, ұлттық құндылықтарды сақтау және жасөспірімдердің психологиялық қауіпсіздігі туралы маңызды ақпараттармен бөлісті.
Шараға әлеуметтік педагогтар А. Жанжигитова, М. Жанзакова, мектеп медбикесі А. Бабаева, мектеп инспекторы Г. Килебаева қатысты.