15
декабрь
2025
«Спорттық ойындарда қозғалыс дағдыларын үйретуде жасанды интеллекттің ықпалы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
2025 жылдың 15 желтоқсанында Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкесТемірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Спорттық ойындарда қозғалыс дағдыларын үйретуде жасанды интеллекттің ықпалы» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Мақсаты: Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы спорттық ойындарда оқушылардың қозғалыс дағдыларын тиімді үйретудің жолдарын анықтау, қимыл әрекеттерін талдау мен түзетуде АІ құралдарының рөлін ғылыми тұрғыда негіздеу және дене шынықтыру сабақтарында оның практикалық қолдану мүмкіндіктерін көрсету. Семинарда өз іс-тәжірибесімен бөлісті: 1. Д.Тохтамуратов “Футбол ойынында ойыншылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету, ойынның мәртебесі мен абыройын сақтау, сондай-ақ төрешінің өз беделін қорғау.”
2. Т.Акчекеев “Гандбол, история и правила игры”
3. Б.Базилов, Б.Бекқұл “Гандбол ойынында пас, шабуыл жаттығулары бойынша жасанды интеллектіні пайдаланып, қмж жоспарын жасау.”
4. Д.Ибаков, Н.Рүстем “Волейбол үйірме жұмысы бойынша сабақ жоспарын құру. «Допты жоғарыдан қабылдау әдістері бойынша жасанды интеллектіні пайдаланып, қмж жоспарын жасау.”
5. Н.Жарылқасым, И.Накипова “Жасанды интеллект және үстел теннисі” тақырыптарында шеберлік сағатын өткізді. Өткізілген семинар-практикум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар үшін мазмұнды, әрі тәжірибеге бағытталған іс-шара болды. Семинар барысында жасанды интеллект технологияларын спорттық ойындарда қолданудың тиімділігі жан-жақты қарастырылып, қозғалыс дағдыларын үйрету, қимыл-қозғалысты талдау және түзету бағыттарында нақты мысалдар ұсынылды. Қорытындылай келе, семинар-практикум дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің инновациялық ойлауын дамытуға, жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде қолдану тәжірибесін кеңейтуге және оқушылардың спорттық дағдыларын сапалы қалыптастыруға оң ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DSSpWF1DGWB/?utm_source=ig_web_copy_link