19
январь
2026
«Заң және тәртіп» айлығы аясында "Тәртіпті өзіңнен баста!" тақырыбында мектеп инспекторының қатысуымен оқушылармен профилактикалық кездесу өткізілді.
2026 жылдың 9 қаңтарда Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп–гимназиясында жылдық жоспарға сәйкес «Заң және тәртіп» айлығы аясында "Тәртіпті өзіңнен баста!" тақырыбында мектеп инспекторының қатысуымен оқушылармен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге мектеп иснпекторы полиция майоры Г.Килебаева, ДТЖО Ж.Тұрсынов, ДҚТЖО А.Жұмағұлов қатысты. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіп пен мектеп ішкі ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың заңға деген жауапкершілігін қалыптастыру болды.