13
январь
2026
«Заң және тәртіп» ұялы телефондарды пайдалануға қойылған талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, жүргізілді.
2026 жылдың 13 қаңтарда Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп–гимназиясында жылдық жоспарға сәйкес, «Заң және тәртіп» бағыты бойынша білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылау және оқу процесі барысында ұялы телефондарды пайдалануға қойылған талаптардың орындалуын қадағалау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, жүргізілді. Аталған рейдтік іс-шара мектеп әкімшілігі, мектеп инспеторы, сынып жетекшілер және жауапты мамандардың қатысуымен өткізілді. Рейдтік іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, оқу процесінің тиімділігін арттыру, балалардың қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұялы телефондарды сабақ кезінде орынсыз пайдаланудың алдын алу арқылы оқушылардың оқу үлгерімі мен зейінін жақсарту болып табылады.


