«Мамандығым менің-болашағымның таңдауы» тақырыбында кездесу алаңын өткізді. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мамандығым менің-болашағымның таңдауы» тақырыбында кездесу алаңын өткізді.
22
январь
2026

«Мамандығым менің-болашағымның таңдауы» тақырыбында кездесу алаңын өткізді.

2026 жылдың қаңтар  айының 19-22 күндер аралығында «Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кәсіптік бағдар беруші педагог А.Талпакова 9-сынып оқушыларымен «Мамандығым менің-болашағымның таңдауы» тақырыбында кездесу алаңын өткізді. 
Кездесудің мақсаты: 
•    Оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілікті қалыптастыру,өзін-өзі тану аймағын кеңейту,мамандық әлемінен ақпараттар алу;
•    Дұрыс шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілетін арттыру;    Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан өскелең ұрпақтың алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Кездесу барысында оқушыларға әр бөлім бойынша ақпараттар берілді.  
1. «Әрбір мамандық-жаңа мүмкіндік, жаңа жол». Оқушылар мамандықтар әлемімен танысып, әр саладағы кәсіптерге қызығушылықтарын арттырды.
2. «Мамандығым болашағым». Оқушылар өздерінің таңдаған мамандықтары жайлы айтып өтті. 
3.Жұмбақ жаннан хат. Білім алушыларға дұрыс мамандық таңдаудың маңызы түсіндіріліп, болашаққа сенімді қадам жасауға бағыт берілді.
4.Ситуациялық жағдай бойынша оқушылардың пікірі тыңдалды.
    Бәсекеге қабілетті білікті маман, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру- бүгінгі күннің басты талабы. Алдыңнан шыққан қиындыққа төзіп, сабырлықпен жауап берсең, болашағыңның жарқын арнаға ығысары сөзсіз.

КББП: Талпакова А.С
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив