“Мен және менің болашақ мамандығым”тақырыбында кездесу өткізілді. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мен және менің болашақ мамандығым”тақырыбында кездесу өткізілді.
15
январь
2025

“Мен және менің болашақ мамандығым”тақырыбында кездесу өткізілді.

2025 жылдың қаңтар айының 16-17 күндер аралығында «Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9 сынып оқушыларымен “Мен және менің болашақ мамандығым”тақырыбында кездесу өткізілді.
Мақсаты:
 Мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру.
 Оқушыларды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.

Кәсіптік бағдар беруші педагог А.С.Талпакова 9 сынып оқушыларымен “Мен және менің болашақ мамандығым”тақырыбында кездесу өткізді. Мемлекет басшысының Жарлығымен «2025 жыл - Жұмысшы мамандықтарының жылы» болып жариялануы жайлы ақпарат беріп, түсіндіру жұмысын жүргізді. Оның ішінде жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіріп өтті. Кездесу барысында кәсіби бағдар беру жұмыс жүйесінің негізгі 4 модулі қарастырылды. Олар: Кәсіптік ақпарат, кәсіптік ақыл-кеңес, кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімдеу. Кәсіптік ақпарат бойынша мамандықтардың түрі, ерекшелігі, маңызы мен мәні, мамандыққа қойылатын талаптар мен қабылдау ережесі туралы түсінік берілді. Мамандарға қажеттілік, оның даму келешегі. Оқушылардың қызығушылығын талдау негізінде 9-сынып оқушыларының назарына мамандықтар тізбегі ұсынылып, ақыл-кеңес берілді. Кәсіптік іріктеу бойынша мамандықты меңгеруге қызығушылығын, бейімділігін, дара ерекшеліктерін арнаулы әдістеме арқылы анықтауға бағытталған зерттеулер арқылы (сауалнама, әңгімелесу, тренингтер арқылы) алдын-ала болжамдық білім деңгейі ұсынылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив