25
сентябрь
2019
Қазақстан халықтары тілдері мерекесі мен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Адамзаттың Абайы...» атты тақырыпта әдеби – сазды кеш өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы мектеп кітапханасында 25.09.2019 күні, қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің мұғалімі Әбдікерім Жәнияның ұйымдастыруымен Қазақстан халықтары тілдері мерекесі мен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай «Адамзаттың Абайы...» атты тақырыпта әдеби – сазды кеш өтті.
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңірек мәлімет беру, өмір жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершілікке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қарасөздерін мәнерлеп айтқызу.
Түрлі суреттер мен ақынның өмірінен алынған фотосуреттерден жасалған коллаждардан стендтер, Абай жайлы айтылған қанатты сөздер әдеби-сазды кешті толығымен сезіну себебінің бірі болды. Кешті Абай туралы бейнежазбамен ашып, ақын туралы адуынды өлеңдерімен мектептің мәнерлеп оқудан үздік оқушылары жалғастырды. Кештің көрігін оқушылар орындауындағы ән мен хор, күй орындаушы, ақын өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқушылар қыздырды. Сонымен қатар кеш қатысушылары Абайдың табиғат лирикасын, соның ішінде жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілінде тыңдады. Соңында мектебіміздің жас ақыны Маркленұлы Ердос өзінің шығармашылығынан Абай Құнанбайұлына арналған «Абайға тағзым» арнауын орындады.
Әдебиет мерекесінің нәтижесінде кеш қатысушылары рухани демалып, оқушыларымыздың өнеріне тәнті болды. Іс-шара өз мақсатына жетті.