09
февраль
2021
«Бүгін менің туған күнім ой, пәлі- ай!»
2021 жылдың 9 ақпанында Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖББМГ-ның қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі ұйымдастырған ақиық ақын, Поэзия Хантәңірі – Мұқағали Мақатаевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Бүгін менің туған күнім ой, пәлі- ай!» атты поэзия кешінің ашылуы өткізілді. Кештің мақсаты: әдебиет патшалығының ғажайып ханзадасы, Хантәңірінің мұзбалағы, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі – Мұқағали Мақатаев туралы сыр шерту. Салтанатты кештің ашылуына Жамбыл облысы Меркі ауданы ішкі саясат бөлімінің жастар ресурстық орталығының Меркі ауылдық округінің инспекторы Оспанқұл Мейржан Абдрахманұлы, ДТІЖО Б.Р. Дарменова қатысып, жылы лебіз – тілектерін білдірді. Ақиық ақынның өлеңдерінен қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің пән мұғалімдері челлендж ұйымдастырып, эстафетаны аудан мұғалімдеріне жолдады.Жыр сүйер қауымның Мұқағали поэзиясына деген құштарлығы толастаған емес. Соның дәлелі, мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіріп, жатқа оқыса, ақынның әсем сазды әндерін құлақтың құрышын қандыратындай көркем жеткізе білді.
Мұқағали - мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы - мәңгілік.Болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені.