10
февраль
2022
Логикалық тапсырма» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді.
10.02.2022 жылы Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да бастауыш сынып мұғалімі Құлбекова Айдана Еркінқызы 4 «Б» сынып оқушыларымен «Логикалық тапсырма» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында «+ және-», «Алтын діңгек», «Жылдам жауап» , «Кім тапқыр». «Алтын діңгек», «Сен маған, мен саған». «Батарей» әдістері ұтымды қолданып, оқушылардың қызығушылығы артты. Жаңа сабақ барысынды аудио және видео көрсетіліммен толықтырылды. 1 оқушы білімге құштар шығармашыл « Математикасыз өмір сүруге болмайды» тақырыбы бойынша тың мәліметтерді сыныптастарымен бөлісті. Сергіту сәті «Шаттанайық бәріміз» биімен ажарлана түсті. Әрбір тапсырма соңына қалыптастырушы бағалау беріп, өз ойларын бүкпей жеткізіп, әділ бағалады. Ұжымдық, жұптық, жеке және топтық тапсырмаларды орындау сабақтың жоғарғы деңгейде өтуіне зор ықпалын тигізді. Сабақтың соңында «Екі жүлдыз, бір тілек» әдісі арқылы сабақты қорытындылап, тосын сыйлар таратылдыогикалық тапсырма» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізді.