18
февраль
2022
"Санды өрнек және әріпті өрнек " тақырыбында ашық сабақ өтті
18.02.2022ж Темірбек Қожакеев атындағы N39 ЖОББМГ-да бастауыш сынып мұғалімі Кунгырбаева Жазира Кдырбаевна 2"Г" сынып оқушыларымен математика пәнінен "Санды өрнек және әріпті өрнек " тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақ мақсатына жетуге бағытталған тапсырмалармен жоспарланған.Ынтымақтастық атмосферасын ширату жаттығуларымен бастап,"Алтын сақа","Кім жылдам","Бәйге","Зертте"әдістері ұтымды қолданып ,тапсырмалар сәтті орындалды.Жаңа сабақ барысында аудио,видео көрсетілімдермен толықтырылды.Білімге құштар шығармашыл оқушылар "Бәйге " ойыны тақырыбы бойынша тың мәліметтерді сыныптастарымен бөлісті.Сергіту сәті " Бәйге"өлеңімен серігіп алды .Әрбір тапсырма соңына қалыптастырушы бағалау беріп,өз ойларын жеткізіп, бағаланды .Ұжымдық,топтық және жұптық тапсырмаларды орындау ,сабақтың тиімді өтуіне зор ықпалын тигізді .