22
февраль
2022
«Оқушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмаудың тиімді жолдары мен кәмелетке толмағандардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында вебинар өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 5-11сынып жетекшілерімен «Оқушылар арасында тәртіпсіздікті болдырмаудың тиімді жолдары мен кәмелетке толмағандардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыбында Вебинар өткізілді. Сынып жетекшілерге арналған Вебинарда Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының директоры: А.А.Қалқабаева өз сөзінде құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау іс-қимылдары бойынша профилактикалық іс-шаралардың жүргізіліп, әлеуметтік, психологиялық сүйемелдеумен қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға, мұғалімдерге, мектеп қызметкерлеріне олардың оқу-тәрбие процесін белгіленген тәртіп бойынша құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруға арналған іс-шаралардың жүргізіліп жатқандығына тоқтала келе, алдын алу шараларын күшейту мақсатында кәмелетке толмағандардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алуға бағытталған жауапты мамандардың байланыс алгоритмін құптай отырып, сала мамандарымен бірлесе жұмыс жасау қажеттілігін айтып өтті.