02
март
2022
Қазақ әдебиеті пәнінен М.Қабанбев "Бауыр" әңгімесі тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері айлығында 5"в" сыныбында Алдангорова Шариякуль Ойшанқызы ашық сабақ өтті.Қазақ әдебиеті пәнінен М.Қабанбев "Бауыр" әңгімесі.Арман тақырыбында.Сабақтың мақсаты:Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының( теңеу, тұрақты тіркес, мақал-мәтел, гипербола, метонимия) мағынасын анықтау.Ұйымдастыру кезеңінде "Арман", "Бауыр" сөздеріне анықтама беруден басталды.Үй тапсырмасын сұрау "Ұшақ ұшыру" әдісі арқылы оқушылар білу, түсіну сұрақтарына жауап берді."Дұрыс-бұрыс "ойынымен оқушылардың мәтінді қаншалықты түсінгені анықталды.Жаңа сабақ "Үш қадамды"сұхбат әдісімен ұласты.1-қадамда шығарманың тақырыбы, идеясы, тәрбиелік мәні ашылды.2-қадамда сатылай кешенді талдау, 3-қадамда шығармадан әдеби көркемдегіш тілдік бейнелеудің мағынасы ашылды."Архиватор"әдісімен мәтіндегі кейіпкерлердің сөздерін сәйкестердіру жұптық жұмыспен болды.Сабақты бекіту"Меломен" тобының "Перзент" жыры әнін тыңдап, кейіпкердің арманы, менің көзқарасым деген ұғымдарға"Дербес пікір" әдісі арқылы бүгінгі өмірмен байланыстырып баға берумен өз ойларымен бөлісті, жеке пікірлер айтылды.Сабақ үдерісінде әр тапсырмадан кейін Бағдаршам таяқшасымен, смайлик, от шашу, балдық жүйемен қалыптастырушы бағалау жүргізіліп, балалар ынталанып белсенді қатысып отырды.Кері байланыс" 3Қ стратегиясы" бүгінгі сабақта не қызық, не қиын, не қажет болды деген сұрақтарға жауап беру арқылы берілді.Оқушылар ойларын стикерге жазып, сабақты қорытындылады.Үйге :"Менің арманым" тақырыбында шағын эссе жазуға берілді