18
ноябрь
2021
10-11 сынып оқушыларымен «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбында тренинг жаттығуларын жүргізді.
№39 Темірбек Қожакеев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2021 оқу жылының қараша айының 18 күні мектеп психологтары Талпакова А.С, Асубаева Г.А. 10-11 сынып оқушыларымен «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбында тренинг жаттығуларын жүргізді.
Мақсаты: «Өмір», «бақыт» ұғымдарына тереңірек үңілуге ықпал жасау; Өзінде бар құндылықтарды бағалай білуге үйрету; Бақытқа қол жеткізе алатынына сенім туғызу; Өмірге құштарлықтарын арттыру;Нәтижесінде оқушылар «Шам шырақ» жаттығу арқылы бір-біріне ыстық тілектерін білдірді. Оқушылар өздерінің көңіл күйлерінің көтерілгендігі туралы айтып өмірдің қымбат екенін түсініп, сұраныстары қанағаттандырылып, өмірге деген көзқарастары өзгеріп, психологиялық кеңестер берілді. Кеңес беру барысында: өмір сырын түсіндіру, өмір сүру жолдары туралы ұғым беру; өмірден өзіндік орнын, өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу. Өзіндік ойлау, пайымдай алу, шешім қабылдай білуге тәрбиелеуге баулу, өмір туралы дұрыс ұғым қалыптасуы қамтылды.