11
март
2022
"Абай оқулары" байқауын өткізілді.
11.03.2022 ж.күні Темірбек Қожакеев атындағы №39ЖОББМГ-да қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес орта буын 5,6,7 - сынып оқушылары арасында мектепішілік "Абайды оқы, таңырқа!" тақырыбында Ш.Алдангорова мен Б.Тургумбаева "Абай оқулары" байқауын өткізді. Мақсаты : халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау, асыл мұраларына бүгінгі ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оқып-білуге ынталандыру. Ақынның мұрасын жанына серік еткен жарысқа қатысушы оқушылар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқып, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді. Ерекше талантымен көзге түскен қатысушылар марапатталды. Жүзден жүйрік, мыңнан оза шапқан 5 "ә" сынып оқушысы Жандосқызы Әнель 30 өлең жаттап 1-орынға ие болды. 2-орын иеленген 5"в" сынып оқушысы Анарбекқызы Рәбия жатаған өлең саны -20; 7 "ә"сынып оқушысы Бегімбаева Жамиля жаттаған өлең саны -20; 3-орын иеленген 6 "ә"сынып оқушысы Есеналы Жанайым жаттаған өлең саны -10; 6 "в" сынып оқушысы Жақыпбай Дана жаттаған өлең саны -20; 7 "а"сынып оқушысы Бауыржан Алихан жаттаған өлең саны -20. Ерекше мәнерімен көзге түскен 5 "а"сынып оқушысы Ерболат Еркеназ, 6 "г" сынып оқушылары Джоламан Аянат пен Рысбек Бану алғыс хатпен марапатталды.