07
март
2022
«Математикалық регата» атты олимпиада жеңімпаз атанды.
2022 жылдың 5 наурыз күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен математика пәні мұғалімдерінің арасында «Математикалық регата» атты облыстық олимпиада өтті. Педагогтардың кәсіби әлеуетін арттыру, озық тәжірибені анықтау мақсатында өткізілген олимпиадаға облыстың математика пәнінен сабақ беретін 16 мұғалімі қатысты. Олимпиаданың 4 кезеңінде 3 есептен (алгебралық, геометриялық, логикалық), жалпы 12 есеп берілді. Тапсырмаларда планиметрия, тригонометрия бөлімдері мен комбинаторика, логикалық есептер қамтылды. Олимпиаданың нәтижесінде математика пәнінің мұғалімі Ф.М.Нурланкулова ІІІ орын иеленді. Педагогты жеңісімен құттықтаймыз!