29
апрель
2018
Мәлімет
2018 жылдың 31 қаңтар күні №39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясында бастауыш сыныптар мен ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Критериалды бағалауды еңгізу барысында проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны бойынша 1,2,5,7 сыныптарда критериалды бағалаудың іс-жүзінде асырылу жолдарын қарастыру.
Семинардың ашылуын №39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясының директоры А. А. Қалкабаева ашып берді.
Семинардың бағдарламасында көрсетілген алты баяндама оқылды: «Жиынтық бағалауды талдау. Рубрика мен модерация» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері Абенова Л.А. «Правильное написание рубрики» тақырыбында №39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясының директорының бастауыш сынып бойынша оқу ісінің меңгерушісі – Абилдаева Г.Ж. «Қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асырылуы» тақырыбында №39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бөртебаева Г.Т. «Формативное оценивание в практике» тақырыбында аталмыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі КучерА. «Оқытуда критериалды бағалау жүйесін қолдану» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімі Ахметова Т.Б. «Жаңартылған білім мазмұны аясындағы 1,2,5,7-сыныптарда ағылшын тілінің оқытылу ерекшеліктері» тақырыбында ағылшын тілі мұғалімі Ходжабаева Д. Аталып өткен баяндамалар оқылып, жұмыстары көрсетілді.
Семинарға қатысушылар жаңартылған мазмұндағы критериалды бағалаудың ерекшелігі, оның ішіндегі қалыптастырушы бағалаудың жүзеге асырылуы, рубриканың дұрыс жазылуы, модерацияның өтілу тәртібі, жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша ағылшын тілінің өтілу ерекшелігі жайлы танысты.
Семинар соңында оқылған баяндамалар талқыланып, көрсетілген жұмыстарға талдау жасалып, қорытындыланды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» тренингі арқылы семинарға қатысушылар топ бойынша өздерінің семинардан алған жақсы жақтарын, ұсыныстарын айтып, сәттілік тілеп, ризашылықтарын білдірді.
Баяндамашылардың оқыған жұмыстары жақсы деген бағамен бағаланды.