30
апрель
2018
Ағылшын тілі пәнінен қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында өткен семинардың қорытындысы
ҰБТ дегеніміз – мемлекеттің, қоғам¬ның және тұлғаның қажет¬тілігіне сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру және басты бағыт болып табылады.
ҰБТ – ол жалпы орта білім беру ұйымдары бітірушілерінің қоры¬тынды мемлекеттік аттестатталуын және арнайы орта, жоғары оқу орнына қабылдау емтихандарын біріктіріп өткізуді көздейтін, білім ұйымдарынан тәуелсіз жалпы орта білім сапасын бағалайтын, жаңа технологияларға негізделген мемлекеттік жүйе.
Ол төмендегідей басты мақсаттарды айқындайды:
1. Білім беру ұйымдарының қызметін объктивті бағалайды;
2. Олардың нақты рейтингтерін анықтайды;
3. Жалпы орта білім беру мәселелеріне жұртшылықтың назарын күшейтеді;
4. Оқушылар мен мұға¬лімдердің оқу қорытындысын, білімін дәлелдейді;
5. Білім бағытын және мазмұнын жетілдіреді;
6. Оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс орнатып, пәнді жүйелі пысық¬тауға мүмкіндік алады.
ҰБТ-ның негізгі міндеті – мем¬лекеттік қадағалау арқылы білім сапасын әділ бағалау. ҰБТ – білім беру басқар¬ма¬сының жұмысын айқын көрсетіп, оқушылар мен ұстаздардың бірлескен еңбегін бағалайтын, білім сапасына қол жеткізетін өте дәл көрсеткіш болып табылады.
ҰБТ-ны сәтті тапсыру педагогикалық ұжымның алдындағы маңызды міндет¬тердің бірі болып табылады. Оқушыны ұлттық бірыңғай тестілеуге қалайша жақсы дайындауға болады? Қалай бітірушілер білімін жоғары көрсеткішке жеткіземіз? Осы бағыттағы біздің жүргізген жұмыстарымыздың нәтижесі қандай? Деген сияқты сұрақтар жиі қойылады. Осы мақсатта «Ағылшын тілінен қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында өткен семинарымызда Отарбаева Г.А 26 қаңтар күні 11сынып оқушыларымен «Geographical position of the USA» тақырыбында сабақ өткізді.
Ходжабаева Д.Г. 26 қаңтар күні ағылшын тілі пән мұғалімдерімен «Әдістемелік көмек беретін құралдар» дөңгелек үстел өткізді. Оқушыларға сапалы білім беріп, алынған білімдерін анықтау мақсатында тестік технологияның алар орны зор. Сондықтан оқушыларға тестті деңгейіне қарай ала отырып, әр тесттен кейін қатемен жұмыс, салыстырмалы мониторинг жасау қажет.
ҰБТ тапсыратын оқушыларға жылдық жоспар төменгі сыныпта берілген материалдар негізінде жасалу қажет. ҰБТ нәтижесін жақсарту мақсатында өзінің іс – тәжірибесімен бөлісті. Әртүрлі тақырыптарға арналған тест жұмыстары, тарихи (елтану) сұрақтар, мақал-мәтелдер, идиомалар, фразалық етістіктер жинақтарымен бөлісті. Сабақта тақырыптық тесттер, онлайн тесттер, Plickers программасының көмегімен тесттерді берілсе, ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығы және білім сапасының артады.
Осындай жұмыстардан күтілетін нәтиже: оқушы білімінің деңгейі анықталады.
Бұл дайындық жүйесінің тиімділігі – оқушының білімі, қабылдау қабілеті мен есте сақтау қабілеті анықталады. Оқушы жүйелі түрде тіл білімі салаларын меңгереді. Оқушының алға қарай жоғары деңгейге көтеріліп сынақ тестілеуде жақсы нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді.
ҰБТ – ға дайындауда әр мұғалім өзінше бір дайындау тәсілдерін жүзеге асырып отырса, кез келген пәннің білім сапасы артатынына сенеміз.
Бүгінгі күн- талантты, жігерлі, өзіне сенетін адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік- жігері бар адамдардың уақыты. Біздің әрқайсысымыз- оқушы, мұғалім, не ата- ана, немесе басшы болсын- осы міндеттерді атқарудағы өзіміздің жоғары жауапкершілігімізді нақты сезінуіміз қажет. Сонда ғана бүгінгі білім беру жүйесінде елдің ертеңі, жас ұрпақтың нұрлы болашағы үшін жұмыла атқарылып жатқан жұмыста жоғары нәтижеге қол жеткізіп, халықтың игілігіне жарар, ізгіліті іс жасалмақ.