"Ән көңілдің ажары" атты концерттік бағдарлама өткізілді.
10 - ақпан күні Өзін-өзі тану пән мұғалімдері "Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" онкүндігінің аясында мектептің актовый залында 2 - 8 білім алушылары арасында "Ән көңілдің ажары" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өткізді. Мақсаты: Оқушылардың ынта - жігерін, бойында бар қабілетін арттыру, жалпы өнерге деген құштарлық сезімдерін жетілдіру, әрі дамыту. Ән арқылы, өнер арқылы оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.