Біз туралы » Страница 9 » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Маралтай оқулары” байқауында жеңімпаз атанды
05
октябрь
2022
“Маралтай оқулары” байқауында жеңімпаз атанды
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы талантты тұлғаның шығармашылығын халық игілігіне айналуына жол ашу, жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындарды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында облыстық “Маралтай оқулары” байқауының аудандық кезеңінде Темірбек Қожакеев атындағы 39 ЖОББМГ-ның 9-шы сынып оқушысы Есеналы Мейірім мәнерлеп оқу номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын
"Бәйтерек тұлға-ұстаз" туындысымен  ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
01
октябрь
2022
"Бәйтерек тұлға-ұстаз" туындысымен ІІ дәрежелі дипломға ие болды.
  2022 жылдың 1 қазаны "Мұғалімдер күніне" орай Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімі мен қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитеті ұйымдастырған "Гүлдер" байқауында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы "Бәйтерек тұлға-ұстаз" туындысымен  ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Суреттің авторы көркем еңбек пәнінің мұғалімі К.Сейткулованы құттықтаймыз!
ІХ «Ақберен» облыстық өнер байқауының «Эссе жазу» номинациясы бойыншаІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
01
октябрь
2022
ІХ «Ақберен» облыстық өнер байқауының «Эссе жазу» номинациясы
2022 жылдың 30 қыркүйегінде 8-11 сынып оқушылары арасындағы ІХ «Ақберен» облыстық өнер байқауының «Эссе жазу» номинациясы бойынша Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖООБМГ 9-сынып оқушысы Ахметбек Айдана ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Әбдікерім Жәния Болатбекқызы. 
ІХ «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Эссе жазу» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
21
сентябрь
2022
ІХ «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Эссе жазу»
2022 жылдың 21 қыркүйегінде 8-11 сынып оқушылары арасындағы ІХ «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінде «Эссе жазу» номинациясы бойынша Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖООБМГ 9-сынып оқушысы Ахметбек Айдана І дәрежелі дипломмен, «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Есеналы Мейірім ІІ дәрежелі дипломмен, «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Сейсембек Ұлан ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Әбдікерім Жәния Болатбекқызы.
Облыстық математиктер командасына еніп Алматы қаласында өтетін ІІІ финалдық кезеңге жолдама алды.
26
май
2022
Облыстық математиктер командасына еніп Алматы қаласында өтетін ІІІ
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ екі оқушысы Әзімхан Абулмансур мен Қашарбек Ернұр Тараз қаласында өткен Республикалық математика пәні бойынша олимпиадаға қатысып, облыстық математиктер командасына еніп Алматы қаласында өтетін ІІІ финалдық кезеңге жолдама алды.
"Әдістемелік қызмет оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру негізі" атты аудандық байқауының жеңімпазы.
18
май
2022
"Әдістемелік қызмет оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру негізі"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы меркі ауданының білім бөлімі ұйымдастырған "Әдістемелік қызмет оқу-тәрбие үрдісін сапалы ұйымдастыру негізі" атты аудандық байқауының жеңімпазы, Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясы директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Киргизбаева Венера Амиреевна І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ата-аналар жиналысы өткізілді.
18
май
2022
Ата-аналар жиналысы өткізілді.
     Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 17 мамыр күні 10 – 11 сынып оқушыларының ата – аналарымен жиналыс өткізілді. Ата -аналарға Республикалық Референдум туралы ақпараттармен түсіндіріп кетті. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізу туралы ұсынысын толықтай қолдаймын. Себебі, президентіміз: "Конституцияға өзгерістер енгізуді халық таңдау керек" деген. Ал бұл Жаңа
Мың бала" Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары
17
май
2022
Мың бала" Ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары
"Мың бала" ұлттық олимпиадасына облыс бойынша 14 022 оқушы қатысты. Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 5-6 сынып оқушылары арасынан 13 оқушы қатысып, 6 оқушы жеңімпаз атанды. Олар: Қанат Диас, Жандосқызы Анел, Қанат Олжас, Абдухалик Нұрай, Серік Алия, Амангелді Аруна. Жеңімпаздар Қазақстанның кез келген дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алады. Жүзден жүйрік жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!!!
Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып жеңімпаз атанды.
11
май
2022
Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып жеңімпаз атанды.
    Облыстық   Бауыржан Момышұлының шығармашылық мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттау жəне тарату мақсатында ұйымдастырылған   "Ер есімі -ел есінде " атты Алаштың айбыны-  Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларын жатқа оқып, мəнерлеп оқудан топты жарып      Темірбек Қожакеев атындағы N39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9  сынып оқушысы Ахметова Аяна ІІІ орын иеленді.    Рухани құндылығың  дамып, кітап оқуға деген қызығушылығың артып, шығармашылықтың шыңына жете бер  демекпіз.