15
сентябрь
2023
2023 жылдың 15 қыркүйегінде мектептің АКТ залында ата-аналар жиналысы
2023 жылдың 15 қыркүйегінде мектептің АКТ залында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа 5-11 сынып ата-аналары, сынып жетекшілер, және мектеп әкімшілігі қатысты. Жиналыс барысында Президент Қ.К.Тоқавтың жолдауы талқыланды. соның бірі баланың дұрыс тамақтануы және мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақтың ұйымдастырылуы туралы айтылды. мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиева қазіргі таңда ұрпақ денсаулығы ең маңызды мәселенің бірі. президентіміз халыққа жолдауында ұрпақ денсаулығын нығайту ең басты мәселе екенін ескере отырып, 1-4 сынып оқушыларына мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтуды тапсырды. Қазіргі таңда сол тапсырманы орындау мақсатында республика бойынша білім ошақтарында 4 қыркүйектен бастап 1-4 сынып білім алушыларымен аз қамтылған отбасы балалары бір мезгіл тегін тамақ ішеді. Асханаға 2023-2024 оқу жылына жаңа үстелдер мен орындықтар және асхана жабдықтарының келгенін, асхананың жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы, тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, санитарлық талаптардың сақталуы мектеп жанынан құрылған комиссия тарапынан үнемі тексеріліп тұратынын айтты. Буфет тағамдарының бағасы бекітілген бағадан жоғары бағада сатылмайтынын айтып, ата-аналарды мектеп асханасының жұмысын көріп шығуға болатын "Ашық есік күні" екенін ескертті. Жиналыс соңында ата-аналар асханаға кіріп, асхананың жағдайын, жабдықталуын, пісірілген тағам түрлерін көріп шығып, шағым кітапшасына өз пікірлерін жазды және асхана тағамдарына балаларының риза екенін айтып, асхана қызметкерлеріне алғыс білдірді.