Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында ата-аналарына ақпараттық кеңес беру жұмыстарын жүргізу туралы анықтама
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында ата-аналарына ақпараттық кеңес беру жұмыстарын жүргізу туралы анықтама
Меркі ауылы 3.09.2021 жыл
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында мектеп асханасында бір мезгіл тегін және ата-ана есебінен тамақпен қамту мақсатында білім алушылардың ата-аналарымен ақпараттық кеңес беру жұмыстарын жүргізу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры А.А.Қалқабаева мектебіміздің асханасы 2021-2022 оқу жылына қызмет көрсетуге толық дайын. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, жалпы тазалығы, ыдыс-аяқтардың тазалығы, азық-түлік сақтайтын, жеміс, көкөністер сақтайтын орындар, тамақ әзірлейтін, ыдыс-аяқ жуатын орындар санитарлық талапқа сай екенін және асхана қызметкерлерінің толық медициналық тексеруден өткендігі туралы айтып өтті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э.Балабекова: жаңа оқу жылында мектепте 1-11 сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагогтардың зерттеу жұмыстары нәтижесінде мектепте 52 аз қамтылған отбасы анықталып, онда мектеп жасындағы 124 бала мектеп асханасынан берілетін бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылды. Қазіргі таңда осы оқушылардың толық құжаттары жинақталып, бекітілді. Мектептің бракераждық комиссия мүшелерінің және ата-аналардың келісімдері бойынша асханадан берілетін ақылы ыстық тамақ бағасы 300 тенге болып бекітілді. ДТЖО С.Досмахамбетов ата-аналарды мектеп асханасында сатылуға «Тыйым салынған тағамдар» түрлерімен таныстырып өтті (фастфуд, газды сусындар, қытырлақ нандар, майлы бәліштер, сағыз т.б). Бұл өнімдердің бала денсаулығына қаншалықты зиян екенін айтты. Сонымен қатар баланың үй жағдайында да тиімді тамақтануын ата-ана тарапынан қадағалау туралы айтып өтті.
Орындаған: әлеуметтік педагогтар