ҰБТ-ға сапалы дайындық – нәтиже кепілі. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰБТ-ға сапалы дайындық – нәтиже кепілі.
19
апрель
2018

ҰБТ-ға сапалы дайындық – нәтиже кепілі.

Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда.

Дайындық жұмыстарын неден бастаған дұрыс?
1) Жылдық жұмыс жоспарын жасау.
2) Тест жұмыстарын жинақтау, тақырыптар бойынша бақылау тестілері.
3) Сұрақтармен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
4 ) Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
5) Логикалық тапсырмаларды талдау.
6) Топтық және жеке дайындық.

ҰБТ-ге дайындаудағы жұмыс жүйесі төмендегі кезеңдерден тұрады.
І. Ұйымдастырушылық кезең:
 оқушыларды ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру,
 ҰБТ-ге арналған бұрыштама жасап ілу;
 Бейінді пәнін дұрыс таңдау мақсатында кәсіби бағыт бағдар беру;
 жыл көлеміндегі және тоқсандық қорытынды бағаларының дұрыс обьективті қойылуына бақылау жасау;
 аралық байқау тестілеуіне мониторинг жүргізу.
ІІ. Ақпараттық кезең:
 ҰБТ туралы сайттар мен қосымша әдебиеттермен таныстыру;
 білім және ғылым министрі мен ұлттық мемлекеттік тестілеу орталығының нормативті құжаттарымен таныстыру.
ІІІ. Психологиялық кезең:
 пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасу семинарларын өткізу;
 оқушыларға арналған психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
 оқушыларға «Қорқынышты қалай жеңуге болады» тақырыбында сынып сағаттарын өткізу;
 «Менің түлегім» атты ата-аналар жиналысын өткізу.
ІV. Технологиялық кезең:
 курстар мен үйрету семинарларына қатысу;
 тесті құру теориясы мен тесті өңдеу технологиясын меңгеру;
 күнделікті сабақта және бақылау жұмыстары кезінде тестілеуді қолдану;
 оқушыларды тест жазу жұмысына үйрету;
 пән бойынша (тарау, сынып, курс) тест тапсырмаларын құру;
 мұғалімнің өзіндік білімін көтеру жоспарына ҰБТ жағдаяты туралы сұрақтарды енгізу.
Оқу үрдісінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ – ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.

Мұғалім ҰБТ-ге дайындалуда қандай мақсат қоюы тиіс?
Мақсаттар:

1.Оқушылар сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуі тиіс;
2.ҰБТ-ге сапалы дайындық ұйымдастыру;
3.Оқушыларды 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;
4.ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарлату.
Мұғалімге мақсаттарына жету үшін үш топтың қолдауы қажет деп ойлаймын.
І. Ұжым
ІІ. Оқушы
ІІІ. Ата-ана
І Өздеріңізге белгілі ҰБТ-дің нәтижесі арқылы тек оқушының немесе жеке бір мұғалімнің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның, мектептің білім сапасы сарапқа салынады. Сондықтан ҰБТ-ға дайындыққа міндетті түрде бүкіл ұжымды араластыру қажет.
І. Ұжымнан көмек
ІІ. Оқушы

1. Мұғалімге сенім білдіруі;
Оқушы мен мұғалім арасындағы сенімнің болуы өте маңызды нарсе. Біз ұстаздар оқушыға сенім білдіруіміз керек, тек сол жағдайда ғана оқушыда мүғалімге сенеді.
2. Оқушылардың дайындық сабақтарына уақытылы қатысуы.
3. Қажетті оқу-құралдарының болуы .
Тест сұрақтары оқулықтардан дайындалатындықтан, 11-сынып оқушыларында төменгі сыныптың оқулықтарының болуы, білім сапасын көтеруге зор пайдасын тигізеді. Онлайн-тесттер, әр жылғы тесттер жинағы, 5+ тест , қосымша жұмыс дәптерлері болғаны дұрыс.
4. Тапсырмаларды жауаптылықпен орындауы;.
Оқушыға берілетін тапсырма түрлері түрленіп отырғаны жөн. Тек тестпен жұмыс істеу оқушыны жалықтырады. Оқушыларға тапсырманы берген кезде міндетті түрде оқулықтардан іздейтіндей етіп берген жөн.
ІІІ. Ата-ана
1. Мұғалімге және оқушыға қолдау көрсетуі.
(мұғалімге сенім білдіруі, кеңестерін орындауы, ескертпелеріне түсіністікпен қарауы кажет)
2. Баласының дайындық сабақтарына жауапкершілікпен қарауы
(баласының үйдегі жағдайын жасауы,бірлесе дайындық жүргізуі)
3. Қажетті оқу-құралдарымен, заттарымен қамтамасыз етуі.
Осы үш топтың арасындағы жұмыстар жүйелі түрде орындалса ғана мұғалім мақсатына жете алады.

Мұғалім алдына қандай талаптар қоюы керек?
1. Өзіне және өз біліміне деген сенімділік
2. Оқушымен тіл табысып, жақсы қарым-қатынас орнатуы керек.
3. Оқушының өз пәніне деген қызығушылығын ояту қажет
4. Жұмыс жоспарын жасап,тапсырма түрлерін көбейтіп, түрлендіріп, сараптамалар нәтижесін шығарып отыру қажет

ҰБТ нәтижесіне нелер әсер етеді?
 күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
 интерактивті технологияларды пайдалану;
 жеке тұлғаның даралығын дамыту;
 оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.

Осы тұста 2016-2017 оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша – орташа балл - 97,8 балл, білім сапасы – 87%-ды құрап, аудан бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, республика көлемінде алдыңғы қатарлы 100 мектептің құрамынаендік..
Құрметті әріптестер! Осындай қыруар жұмыстарды атқара отырып, білім берудің жаңашыл технологияларымен қаруланған, қажетті білім дағдыларын игерген, өмірлік көзқарасы мен құндылық қасиеттері қалыптасқан, алған білімдерін өмірде өздігінше пайдаланатын, өздігінше дами алатын жеке тұлғаны қалыптастырамыз.
«Білекке сенген заманда-
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенер заманда -
Қапы қалып жүрмелік»,-деген ұлы көреген Абылай ханның ой-тұжырымы қазіргі уақыттағы еліміздің білім беру кеңістігіндегі көтеріліп отырған мәселелерді шешуге батыл кірісіп, қапы қалмау қажет екендігін дәлелдейді. Сондықтан да қиыны да қызығы мол еңбек жолдарыңызда тек жоғары нәтижеге қол жеткізуге аянбай еңбек ете білейік!

Ашық тапсырма немесе толықтыру тесті — сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің тіркесінің, сандар мен формулалардың орнындағы көп нүктені тиісті жауаппен алмастырады.
Еске түсіру тесті — сөз, сан, формула, бейне түріндегі бір ғана жауапты керек етеді.
Таңдау тесті — онда сөйлемнің басы беріледі де, соңынан бірнеше үлгілері жауап ретінде ұсынылады, оның ішінде дұрысы да, қатесі де бар. Дұрыс жауап нөмірін кеспе — қағазға белгілеп көрсетуге болады.
Балама тесті -қандай да бір үғымды растайтын сөйлемдерден құрастырылады. Жауап дұрыс немесе қате, я не немесе жоқ түріндегі сөздермен беріледі.
Салыстыруға арналған тест -ол да бір бағанада тапсырма тек сөйлеммен, ал екінші бағанада берілген сұрақтан екі — үш есе көп жауап өрнектеледі.
Ретіне қарап тізбелеу тесті — құбылыстар, шамалар, сипаттамалардан түрады. Оларды тәртіппен, яғни маңыздылық мөлшері бойынша реттеу керек. Берілген тізім жауаптың күралуына негіз болады.
Құралма тест — әр түрлі типтегі тапсырмалардан түрады. Окушылар оның жауабын берілгендердің ішінен таңдайды.
Кәсіби бағыттағы тест — онда сұрақпен қоса өтілген тақырыбымен қандай да бір мамандықпен байланысты мағлұматтар беріледі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив