«Ғарышты игеру» » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
февраль
2018

«Ғарышты игеру»

«Ғарышты  игеру»
Бөртебаева Гүлнұр Төлебайқызы
Туған жылы: 13.09.1981ж.
Білімі: жоғары
Санаты: бірінші
Еңбек өтілі: 15 жыл

Кіріспе
Қазіргі кезде Республикамыз білім берудің жаңа жүйесі жаһандық даму үлгісіндегі оқыту түрлері кеңістігіне енуге бағыт алуда. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын біздің тарапымыздан қарастырсақ бала бойына туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен потриоттық сезімін сіңіру әрқашан да маңызды. Осы орайда «Туғвн өлке» авторлық бағдарламаның құрылымы балалардың еліне деген, жеріне деген махаббатын, сүйіспеншілігін арттыруға өз үлесін тигізері анық. Тарауда берілген тақырыптар тың білім беруге, баланың еліне деген өзіндік пікірін білдіре алады.
Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің деңгейіне, бағыт-бағдарына байланысты. Сондықтан Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» идеясын жүзеге асыру барысында білім саласына маңызды реформалар арқылы айтулы өзгерістер еніп келеді.
Тақырыбы: «Ғарышты игеру»
Мақсаты:Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия Көрнекіліктер:суреттер, интерактивті тақта, кластерлер, қағаздар, қалам.
Барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
«Өзі туралы кластер» тренинг

Оқушылар өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б
Бүгінгі сабағымыз құрастырған кластер секілді жарқыраған күннің көзін ашу арқылы бастаймыз. Бұлттарды ала отыра артындағы тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашамыз. Күн бізге сабақ бойы жылуын шашып отырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашады.
1. ҚР – ның тұңғыш ғарышкері кім?
2 . Мемлекеттік рәміздерді ата.
3. Жатқа тақпақ айт.
Енді топтардың атын жұмбақты шешу арқылы әр топ өз аттарына ие болады.
Санаймыз қанша,
Аспандағы алып доп,
Болса да көкте мекені
Білмейміз, Жарқырайды жарық боп. (Жұлдыз)

Жылуын шашып бәріне,
Таратар нұрын әлемге(Күн)

Түнде жарық етеді.
Көз ілмейміз. (Ай)


І – топ. Ай ІІ – топ. Күн ІІІ – топ. Жұлдыз

Топтардың атын аспан денелеріне сәйкес қойылу себебін өздерің білесіңдер, өйткені бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Ғарышты игеру» - деп аталады.
ІІ. Мағынаны тану
Слайд фильм.

Адам ерте кезден – ақ әлем денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.Әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі Лайка – ғарышкер ит. Оны 1957 жылдың 3 – қарашасында ғарышқа салмағы 6 кг,2 жастан асқан кезде ғарыш кемесі «Спутник – 2» кемесімен ұшырды.Ол ұшқаннан кейін 5 – 7 сағаттан соң ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Ғалымдар Лайкамен бірге тағы екі ит Белка мен Стрелканы жаттықтырған болатын.Ал АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланған екен.
1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» кемесімен жер шарын айналып ұшты.Сөйтіп, 12 – сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.

Топтық тапсырма.

Экран бетіне назар аударайық.
6 5 4 1 2 3 7 4 5 6 1 2 34 5 6 1 2 3
р а т Т о қн а р и Г а гғ а т Т а л

- Бұл кестелерден ғарышкерлердің атын дұрыстап табу керек. Олүшін әр топ оқушылары сандарды дұрыс орыналатыру арқылы таба алады.

Мұғалім:
Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады.
Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.

Топтық тапсырма.
І – топ.«Байқоңыр» туралы өлең шумақтарын дұрыс орналастыру.
ІІ – топ. Шеңбер ішіне суреттерді орналастыру.
ІІІ – топ. Ғарышкерлерге тілек жазу.

Сергіту сәті.«Ұшты, ұшты» ойыны.

ІІІ.Ой толғаныс.
Топпен жұмыс.Әр топқа тапсырма беру.Барлығы экран бетінде.
І – топ. Сөзжұмбақ шешу.
Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й К А
З Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы Р

1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?
ІІ – топ.Венн диаграмасы бойынша.Ғарышқа ұшқан тіршілік иелерінің ұшқан жылдарын жаз.
Лайка Тоқтар Әубәкіров
Ғарышқа ұшқан
жылдары
Юрий Гагарин Талғат Мұсабаев
ІІІ – топ. «Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет салу.

- Балалар сендер болашақта кім болуды армандайсыңдар.
- Жалпы адам баласы армандаған дұрыс.
- Өйткені ертеме кешпе оның орындалатына сену керек.
- Олай болса ғарышкер ағаларымызға өз арманымызды жазып жіберейік.
- Барлығымыз мына қағаздарға жазып тақтадағы құстың бейнесіне ілеміз.
Сонымен балалар армандарың орындалсың деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив