Мен-қазіргі заман педагогімін » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
май
2018

Мен-қазіргі заман педагогімін

Мен, I санатты бастауыш сынып мұғалімі Темірғалиқызы Балжан он бір жылдан астам уақыт бойы ұстаздық қызметін атқарып келемін. Бүгінгі таңда талпынысқа толы XXI ғасыр талабына сай жаңашыл ұстаздың бірімін. Алға үмітпен талпынған жаңа ашылулар. Жаңа технологиялар. Жаңа білім. Жаңа мектеп. Жаңа мектептің ұстазы ретінде балаларға тек жаңалық енгізіп қана қоймай, сонымен қатар уақыт пен ұрпақ арасында байланыс орнатамын.
Заманауи ұстаз – өмірді жақсы жаққа өзгертуге талпыну, оқушыларға сену, жаңа идеялар үшін көп еңбектену, өз қатесін мойындаудан қорықпау керек. Өз ісінің шебері деп XXI ғасыр ұстазын айтуға болады. Заманауи ұстаз – зерттеуші, оқушылардың ғылыми жетекшісі. Оқушыларға үйрете отырып өзі де үйренеді. Ұстаз заман талабына сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын түсіну керек деп ойлаймын.«Ұстаздық мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол, рухани жан дүниесіне үңіле білу, адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады». Сондай үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермейтін іс.Бүгінгі таңда бізге, мұғалімдерге, ең қажетті нәрсе – заман талабына сай лайықты жаңа адамды қалыптастыру, тәрбиелеп өсіру. Заман күннен күнге дамып, өркендеу үстінде. Олай болсай, біз алдымызда тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге адамгершілік пен өз елін сүйетін ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып, оны бар асылындай қадірлей білетін, өткенін бағалап, болашағына зор сеніммен қарай білетін ең жақсы қасиеттерді үйрете білуіміз қажет.
Елбасы Н.Ә Назарбаев айтқандай бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол «өмір бойы білім алу».Егемен еліміздің көшін бастаған кемеңгер президентімізбен толық келісемін. Мұғалім білімді, шығармашылығы мол болса,сол мектептің балаларызаманына сай білімді болары анық. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі, педагогика әдістемесінен хабардар, жақсы білім бере білетін мұғалім. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысушылық қасиетімен, асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтың мәртебесін биік ұстай алады.Қазіргі қоғамға керегі де осындай ұстаздар. XXI ғасыр бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Замануи ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір тетігін жетік меңгеру, игеру жолында кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын,жаңартатын мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз. Ел болашағы жақсы болсын десе, «ұстаздың жағдайын жаса» - демекші өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын заманауи ұстаздар ешқашанда білімнің туын төмен түсірмеуі тиіс.Ендеше, мен де әрдайым оқушыларыммен бірге үйрене отырып, оларды тек қана алға жетелеймін. Мұғалім - ол өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» деп ойлаймын .Сол үшін де ұстаздықтың қыр-сырын жетік меңгеріп, игеру жолында тынбай еңбек етуді мақсат еттім. Бүгінгі таңда мұғалімдерге ең қажеттті нәрсе заман талабына лайықты шығармашылығы мол, дарынды, жеке тұлға қалыптастыру және тәрбиелеп шығару. Заман күннен-күнге дамып, өркендеу үстінде. Олай болсай, біз алдымызда тәрбиелеп отырған шәкірттерімізге адамгершілік пен өз елін сүйетін ұлтжандылық қасиетін қалыптастырып, оны бар асылындай қадірлей білетін, өткенін бағалап, болашағына зор сеніммен қарай білетін ең жақсы қасиеттерді үйрете білуіміз қажет. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив