22
октябрь
2025
Дұрыс тамақтану пирамидасы" тақырыбында кең көлемді сурет көрмесі өткізілді.
2025 жылдың қазан айының 22-сі күні мектепте 1–4 сынып және 5–11 сынып оқушыларының қатысуымен "Дұрыс тамақтану пирамидасы" тақырыбында кең көлемді сурет көрмесі өткізілді. Іс-шара Дүниежүзілік тамақтану күніне орай ұйымдастырылып, оқушылардың дұрыс тамақтану мәдениеті туралы түсінігін арттыруды, тағамдардың топтарға бөлінуін меңгерту мен салауатты өмір салтына қызығушылығын қалыптастыруды мақсат етті.
Көрмеге әр сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Суреттерде дұрыс тамақтану пирамидасының деңгейлері, пайдалы өнімдер, дәрумендерге бай тағамдар және теңгерімді ас мәзірінің маңызы көрініс тапты. Балалар түрлі түсті материалдар қолдана отырып, өз идеяларын шығармашылықпен бейнеледі.
5–11 сынып оқушылары ғылыми-тәжірибелік тұрғыда мазмұндап, тағам құрамы мен денсаулыққа әсерін тереңірек сипаттаған суреттер мен ақпараттық постерлер дайындады. Ал 1–4 сынып оқушылары қарапайым әрі түсінікті бейнелер арқылы пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратуды көрсетті.
Іс-шара мектеп ұжымының қолдауымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Көрме оқушылардың қызығушылығын оятып, олардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін арттыруға ықпал етті.