06
ноябрь
2025
Құнарлы, пайдалы тағамдар" тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
025 жылдың қараша айының 6-сы күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен "Құнарлы, пайдалы тағамдар" тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты – балаларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, ағзаға қажетті дәрумендер мен қоректік заттардың рөлін көрсету, сондай-ақ салауатты өмір салтын дәріптеу болды. Көрме арқылы оқушылардың тағамға деген қызығушылығын арттыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту көзделді.
Көрмеге 1–4 сынып оқушылары өздерінің қолымен жасаған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Суреттерде жеміс-жидек, көкөніс, сүт өнімдері, дәнді дақылдар сияқты құнарлы тағамдардың пайдасы көрініс тапты. Балалар түрлі түсті құралдар мен материалдарды пайдаланып, тағамдарды ерекше әрі көркем түрде бейнеледі. Сонымен қатар, олардың жұмыстарында зиянды тағамдардың ағзаға әсері және пайдалы тағамдарды дұрыс таңдау мәселесі де көрсетілді.
Көрмеге қатысушылардың шығармалары мазмұндық тұрғыдан бағаланып, олардың идеялық шешімдері, көркемдік ерекшеліктері мен тақырыпты дұрыс түсінуі назарға алынды. Балалардың шығармашылық жұмыстарын қарау арқылы оларды салауатты өмір салтына, дұрыс тамақтануға қызықтыруға және білімдерін бекітуге мүмкіндік туды.
Іс-шара мектептің оқу-тәрбие жұмысында маңызды орын алып, оқушылардың белсенділігін арттырып, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға үлес қосты. Көрме жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қатысушылардың шығармашылық қабілеттері, білімдері және қызығушылығы көрініс тапты.