02
октябрь
2024
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша қазан айының 02-і күні анықталған кемшіліктерді түзету бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесіне
Мәлімет
2024 жылы 02 қазан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша медбике А.Бабаеваға, аспазшы Э.Разаковаға жүктеліп, кемшілікті жою үшін 3 жұмыс күні ұсынылды. Нәтижесінде асхана залындағы істен шыққан жарықтандыру жүйесі қалпына келтірілді және қол жуатын бөлмеге сабын қойылды.







