30
январь
2024
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 2024 жылдың қаңтар айының 30-ы күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Асхананың санитарлық жағдайы, тазалығы, ауыз су режимінің сақталуы талапқа сай. Ас блогы қызметкерлерінің жеке гигиеналық тазалығы, медициналық кітапшасы мен денсаулығы күнделікті медицина қызметкерлері тарапынан қадағаланып, тексеріліп отырды. Дайындалған тағам өнімдерінің күнделікті сапасы, дайн тағамдардың органолептикалық қасиеті, асханада тыйым салынған тағамдардың сатылмауы, буфеттік өнімдердің сапасы, қолжетімділігі тексеріліп, қадағаланып отырылды. Ас мәзірі мектеп басшысымен бекітіліп, қолжетімді жерге ілінген. Күнделікті ас мәзірінде көрсетілген тағамдар толық дайындалады және тағам порциясының салмағы талапқа сай сақталған. Тағамдарды дәрімендендіру жүргізіледі. Жеткізілген тағам өнімдерінің апасы қанағаттанарлық. Тексеру барысында кемшіліктер анықталған жоқ.