Оқушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуы туралы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы
Оқушылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудың ұйымдастырылуы туралы
Анықтама
Меркі ауылы 09.09.2021 жыл
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» 2020 жылдың 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес, 2021 жылдың 9 -шы қыркүйегінде аталған мектеп асханасында 2021-2022 оқу жылында бекітілген атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған 29 отбасынан шыққан 74 білім алушы, алқалы орган шешімімен, яғни табысы күнкөріс деңгейінен төмен 19 отбасынан шыққан 45 бала, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 отбасынан 5 білім алушыларға тегін тамақтандыру ұйымдастырылды.
Аталған аудандық білім бөлімінің бұйрығы мен Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес мектеп директорының бұйрығы шығарылып, бұйрыққа асхананың жұмыс кестесі, мектеп әкімшілігімен ұстаздар тарапынан бекітілген кезекшілік кестесі, сонымен қатар асхананың толтырылуы тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30 пайыздан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады деген талапты сақтау мақсатында жасалынған. Асханада су ішу режимі жасалынып, әр үш сағат сайын ауыз су ауыстырылып тұрады. Тамақтану кестесіне сай І ауысымда 56 білім алушы екі кезеңмен, ІІ ауысымда 69 білім алушы екі кезеңмен тамақтандырылады. Тегін тамақпен қамтылған 124 білім алушы арасынан түрлі себептермен мектепке келмей қалған жағдайда денсаулығына байланысты «Д» санатындағы балалармен алмастырылады.
Бүгінгі тамақтануды ұйымдастыру іс-шарасында оқушылар сынып жетекшілерінің бақылауымен кестеде көрсетілген мерзімге сай жеке гигиеналық санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни асханаға кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған қол жуғыштар мен тері антисептиктерін қолдануда. Кемінде 2 метр қашықтықты, 2 адамнан артық кезекті сақтай отырып тамақтануда. Сонымен қатар үстелдерді, орындықтарды және өзге де заттарды орналастыруда үстелдер арасындағы кемінде 2 метр қашықтықты сақтау талабы да сақталып отыр.
Мектеп асханасынан
Дайындалған ас мәзірі күнделікті мектептің медициналық қызметкері А.Бабаева тарапынан тексеріледі.