«Оқушыларды ІV-тоқсанда бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту» туралы
МЕРКІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ «Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ» КОММУНАЛДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
№43 бұйрықтан көшірме
«Меркі» ауылы «31» « 03 » 2021 жыл
«Оқушыларды ІV-тоқсанда бір мезгіл тегін
ыстық тамақпен қамту» туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21-тармақшасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, түрлерін және оны беру қағидаларын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысының 1-тармағын басшылыққа ала отырып
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары негізінде белгіленген санаттағы білімалушыларға бір мезгіл тегін ыстық тамақ ұйымдастырылсын.
2. Мектеп асханасының жұмысын үйлестіруде Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының 46-қосымшасына сәйкес төмендегідей жұмыстар ұйымдастырылсын.
2.1 ІV-тоқсанда оқушылардың тамақтандырылуын ұйымдастыру туралы ата-
аналар мен сынып жетекшілерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
2.2 Мектеп асханасында санитарлық талаптардың орындалуын ұйымдастыру
және қадағалау№2-қосымшада көрсетілген ережелерді орындау
жауапты директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Э. Балабековаға,
дайын тағамның сапасын қадағалау медициналық қызметкері А.Бабаеваға
3- қосымшадағы оқушылардың тамақтану кестесі бойынша келуін
қамтамасыз ету зертханашылар (5 күндік белгіленген кестеге сәйкес)
А.Муралиева, С.Исметова, Б.Исакова, Р.Ахметова, Д.Раимова, Ф.Агаева, Ф.Сарсенова, А.Нурабаеваға жүктелсін. (2 қосымша жауапты тұлғалардың міндеттері №3 қосымша оқушылардың тамақтану кестесі.
(№2 қосымша- жауапты тұлғалардың
міндеттері; №3 қосымша- оқушылардың тамақтану кестесі.)
3. Тегін ыстық тамақпен қамтылған 121 оқушы арасынан тамақтану
күндерінде түрлі себептермен мектепке келмей қалған жағдайда
денсаулығына байланысты «Д» санатында есепте тұрған (№4-қосымша-
«Д» санатында есепте тұрған оқушылар тізімі) оқушымен
алмастырылсын.
4. Білім алушылардың мектеп асханасында тамақтануын қадағалау, тамақтың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия құрамы бекітіліп, №5 қосымшаға сәйкес жауапкершілік белгіленсін.
1.А.А.Калкабаева-мектеп директоры, комиссия төрағасы
2.Э.Ж.Балабекова-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
3.К.Тажибаева-директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
4.А.А.Бабаева- медицина қызметкері
5.А.Жүрсіналиева-ата-аналар комитетінің төрайымы.
5. Мектепің 1-11 сынып оқушылары үшін мектеп асханасында ата аналар есебінен тамақтану ұйымдастырылсын. Буфет өнімдерін сату жеке қаптамада жүзеге асырылсын.
6. №611бұйрық Санитариялық қағидаларының 7 тарауының 123
тармақшасына сәйкес күн сайынғы дайын өнімнің тәуліктік сынамасын
алу аспазшы У.Атамуратоваға жүктелсін.
7. Бұйрықтың орындалуын қадағалау жауапты маман директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары Э.Ж.Балабековаға жүктелсін.
Мектеп директоры: А.А.Қалқабаева