Оқушыларымен жүргізілген сауалнама қорытындысы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында әлеуметтік педагогтардың мектеп оқушыларымен жүргізілген сауалнама қорытындысының анықтамасы
2021 жылдың қазан айының 27 күні мектептің әлеуметтік педагогтары мектеп оқушыларынан «Тағамға балалардың көзқарасы» атты тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама 5 – сұрақтан тұрады.
Қатысқан оқушы саны-65
Жүргізілген сауалнама нәтижесінде:
1 – сұрақ бойынша «Біздің мектептің асханасында тамақтың дайындалуы саған ұнайды ма?» сұрағы бойынша 100% ия деп жауап берді.
2 – сұрақ бойынша «Сен қаншалықты жиі мектеп асханасында тамақтанасың?» сұрағы бойынша 100% ия деп күнделікті деп жауап берді.
3 – сұрақ бойынша «Қандай тағамның түрлері саған өте ұнайды?» сұрағы бойынша оқушылар өз пікірлерінде 65% ыстық тағамдар, 35% ыстық тағамдар және буфет өнімдері деген жауап берді.
4 – сұрақ бойынша «Ыстық тағам сенің оқу үлгеріміңді жақсартады деп ойлайсың ба?» сұрағы бойынша 100% ия деп жауап берді.
5 – сұрақ бойынша «Дұрыс тамақтанбаудың қандай ауруларға апаратындығын білесің бе? Олардың атауларын келтір» сұрағы бойынша 95% неше түрлі ауруларға әкеліп соғатынын айтып өткен, 5% дұрыс тамақтанбаудың ешқандай ауруға әкеп соқпайтындығын айтып өткен.
Жалпы сауалнама қорытындысы бойынша оқушылардың мектеп асханасына немесе аспазшыларға деген ешқандай қарсы пікірлері жоқ екендіктерін анықталды. Мектеп асханасында мектеп оқушылары уақытылы сапалы тамақпен қамтамасыз етіп отыр.