Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайын зерделеу барысында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында кеткен кемшіліктер бойынша түзету жұмыстарын жүргізу туралы мәлімет
Алқа мәжілісінде қаралған оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайын зерделеу қорытындысы бойынша кеткен кемшіліктерді түзету мақсатында іс-шара жоспары құрылып,жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілді.Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамту бойынша мектеп құжаттары қаралып, түзетілді. Мектептегі тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, мектеп асханасына тексеру жасалды. Қорытындысы актіленді. «Дұрыс тамақтану» бұрышы ұйымдастырылуы, бракераждық журналдардың дұрыс жүргізілуі, асхананың санитарлық жағдайы, аспаздардың сыртқы киім үлгісі санитарлық талапқа сай болуы қатаң қадағаланды.
Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуына қатысты заңнамалық құжаттар негізінде медицина қызметкерінің жұмыстары тексерілді. Мектептің іс- жоспарына сәйкес 24 желтоқсан күні «Ашық есік» ұйымдастырылды. Ата –аналар санитарлық –эпидемиологиялық талаптар негізінде мектеп асханасына келіп, білім алушылардың бір күндік ас мәзірін көріп, тілектерін «ұсыныс және шағым» кітапшасына жазды.
1061 оқушыға ата –аналар есебінен ұйымдастырылған ыстық тамақ өнімдерінің бағасы жазылып қойылды.
Күнделікті тамақ өнімінен алынатын тәуліктік сынама тексерілді. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін жауапты адам бекітіліп, бұйрық шығарылды.
Мектеп –гиназия директоры: А.А.Қалқабаева
Оқушыларды бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылу жағдайын зерделеу барысында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп гимназиясында кеткен кемшіліктер бойынша түзету жұмыстарының
жоспары
№ | Мазмұны | мерзімі | Жауапты |
1 | Тамақтандыру сапасына маниторинг жүргізу жөніндегі комиссия отырысы | 23.12.2019ж | Комиссия мүшелері |
2 | Ыстық тамаққа қатысты мектеп – гимназия құжаттарын тексеру | 23.12.2019ж | Мектеп әкімшілігі |
3 | Ашық есік күнін ұйымдастыру | 24.12.2019ж | ДОІЖО Э.Ж Балабекова Э.Ж. Әлеуметтік педагок Жанжігітова А |
4 | Медицина қызметкері тарапынан тамақтандырудың сапасына бақылау жүргізу | 24.12.2019ж | Мектеп әкімшілігі |
Мектеп –гиназия директоры: А.А.Қалқабаева