"Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі" тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
Денсаулық адамның ең қасиетті де,құнды,қайталанбас,жоғалтса қайта орнына қиындықпен келетін,орны таптырмас асыл қазына. Осы орайда қазанның 7 - і күні мектептің 5-11 сынып аралығындағы оқушыларға "Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі" тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарды кеңейту.