01
октябрь
2021
"Мәңгілік ел - мәңгілік тіл"
Темірбек Қожакеев атындағы #39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі "Қазақстан халқы тілдер" күніне жоспарланған онкүндігі аясында орыс тілі және ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бірлесуімен "Мәңгілік ел - мәңгілік тіл" тақырыбында қорытынды кеш өткізді. Жауапты мұғалімдер: Тургумбаева Б.Б., Абденова Г.К.
Кештің мақсаты: оқушылардың ана тілге деген құрметін арттыру, тіл мәртебесін көтеру. Тәуелсіз елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге деген құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Кештің жүргізушілері үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілі) жүргізді. Алғашқы сөз кезегінде директордың ғылыми -әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары В.Киргизбаева оқушылар мен ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Мектебіміздің дарынды, белсенді оқушыларының тамаша өнерлерінің арқасында кешіміз жоғарғы дәрежеде өтті. Оқушылар үш тілде хор айтып, мәнерлеп өлең оқып, тілге деген құрметті арттыра түсті. "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ -домбыра" демекші, 10- сынып оқушыларының аса шеберлікпен орындауында "Ерке сылқым" күйі, 7-сынып оқушысы Бақтияр Бекболат "Дариға дәурен" әнін қазақтың қара домбырасымен әуелетіп шырқады. Достық пен татулықтың нышаны ретінде 5- сынып оқушыларының орындауындағы "Папури" биі кешіміздің сәнін келтірді.