17
май
2019
"Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау"
17 мамыр күні Темірбек Қожакеев атындағы #39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында "Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау" тақырыбында аудандық семинар өткізді. Семинарды Темірбек Қожакеев мектеп-гимназиясының қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндердің мұғалімдері жүргізді. Семинардың мақсаты: Бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Семинарға ауданның әр мектебінен бір ұстаздан келіп қатысты. Семинар барысында орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Разакова Айғаныс Айдархановна мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қаршығаева Жаннур ашық сабақтар көрсетті. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тажигалиев Д. Х. мен тарих пәнінің мұғалімі Исакулова Д. Т. қатысушылар арасында тренинг ұйымдастырса, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Отарбаева Гульнур Аликқызы ғылыми-зерттеу жобасының жазылуы мен рәсімделуі жайлы айтып кетті. Оқушыларымыз республикалық жобалардың жүлдегерлері Жамшыбек Аяулым мен Сейдхан Іңкәр өз жұмыстарымен тәнті етті. Семинар өте жоғары деңгейде өткізілді.