«Квадрат теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
17.11.2021ж. І ауысым 4 сабақ Шыныкулова Л.С. «Квадрат теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: 8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу
Сабақ бастамас бұрын сыныпқа психологиялық ахуал туғызды. «Шаттық шеңбер» арқылы. «Сөз» әдісі арқылы өткен тапсырмаларды оқушылардан сұрады. Үй тапсырмасын тексерді. Мұғалім қалыптастырушы бағалау арқылы оқушыларды мадақтап, мақтап отырды. «Егер бұл жауап болса, сұрақ қандай болады» әдісі арқылы оқушының ой – өрісін, ойлау қабілетін дамытты. Сөйлеу қабілетін артырды. Мұғалім оқушыларға «Тарсия» әдісі арқылы олқылықты жою бойынша тапсырмалар берді. Бағалау «Старт – финиш» арқылы болды. Мұғалім кері байланыс жасады. «Кahoot» арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятты. Bilimlend арқылы оқушылар тапсырмаларды тақтаға орындады. Оқушылар есеп шығаруға машықтанған тапсырмаларды тез, дұрыс орындай алды. Оқушылардың деңгейіне қарай деңгейлік тапсырмалар болды.Мұғалім әр тапсырмадан кейін оқушыларды мақтап, мадақтап отырды, оқушылар дескриптор арқылы өз – өздерін бағалады. Мұғалім сабақ соңында рефлексия алы, 10 баллдық жүйеде бағалады. Сабақ өте қызық тартымды. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы жоғары. Сабақ негізделген мақсатына жетті.