02
март
2022
"Етіс түрлері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері айлығында 6"г" сыныбында Кушербаева Салтанат Аманбердиевна ашық сабақ өтті. Қазақ тілі пәнінен 7-бөлім. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздар. Морфология. Тақырыбы Етіс түрлері. Қайталау.Сабақтың мақсаты: Етістіктің етіс түрлері,етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.Ұйымдастыру кезеңінде «Балалар философиясы» әдісі арқылы үй тапсырмасы «Қазақстандағы дамыған спорт түрлері», «Олимпияда ойындары» екі тақырыптың біреуіне слайд немесе видео жасап келу керек болатын. 2-3оқушы тақтаға шығып үйден жасап келген слайд, презентация, видеоларын қорғады. Тақтаға шыққан оқушылар жұмыстарының орындалу деңгейіне қарай «1», «2», «3» орын медальдарымен марапатталды. Сабаққа кіріспе ретінде балалар берілген суреттердегі спртшылар туралы білгендерін айтты. Даралық ұқсастық әдісі арқылы семантикалық картаға етіс түрлерін ажыратып орналастыру арқылы оқушылардың жаңа сабақты түсінгендігі анықталды. Оқушылар ауызша комментари арқылы мадақталып отырды. Жаңа сабақ Миллион кімге бұйырады» ойыны арқылы жалғасты ойын барысында оқушылардың ұялы телефондарына сілтеме жіберіліп, оқушылар сол сілтеме арқылы кіріп ойын сұрақтарына жауап берді нәтижесі автоматты түрде шығып отырды.Әр оқушы сұрақтарға қаншалықты дұрыс жауап бергендерін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалап отырды. Ойын сұрақтары етістердің мағыналық түрлерін қайталау тақырыбы бойынша құрылды. Сабақты бекіту Пирамида әдісі арқылы жүзеге асты. Оқушылар Берілген сөздерден өзгелік етістің түрлі формаларын жасады. 4-5оқушы тақтаға шығып кітапта берілген сқздерді етіс түрлеріне түрлердірді. Тапсырмалардың орындалуы балдық жүйемен бағаланды. Көңіл толқыны» әдісі арқылы кері байланыс берілді. Оқушылар сабақ барысында көзімен не көргенін, құлағымен не естігенін, жүрегімен не сезінгенін айту арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Үйге : Оқулықтың 121 бетіндегі 2-тапсырма етіс түрлерін тұлғасына қарай ажыратып, графикалық диктан жазып келуге берілді .