13
март
2020
"Ең үздік кітап оқитын мектеп-2020"байқауы
2020жылдың наурыз айының 10-11күндері Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп гимназиясының кітапханасында мектеп кітапханашылары П.Ж. Шамшиева мен А.Т. Макаеваның ұйымдастыруымен, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу, оқушыларды рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау, мектебіміздегі "Ең үздік кітап оқитын сыныпты" анықтау мақсатында "Ең үздік кітап оқитын мектеп-2020"байқауының мектепішілік кезеңі 9-10сыныптардың қатысуымен өткізілді. Байқаудың шарты бойынша әр оқушы оқуға тиіс 100кітап бойынша 9-10 сыныптардан сауалнама алынды. Осы сауалнама сынамасынан 20 сұраққа жауап берген оқушылардың арасынан сәуір айында өткізілетін аудандық 2-кезеңге 10"А " сынып оқушылары Жамшібек Нұрдоспен Дүйсен Ділназ қатысушы атанды. Байқаудың соңында Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романы, Б. Момышұлының "Ұшқан ұя" повесі, Ә. Нұршайықовтың "Ақиқат пен аңыз" романы, М. Әуезовтың "Қорғансыздың күні" повесі бойынша кітаптың қысқаша мазмұны, "Буктрейлер" көрсетілді.