«Ең үздік кітап оқитын мектеп-2020» байқауы» мектепшілік кезеңі » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ең үздік кітап оқитын мектеп-2020» байқауы» мектепшілік кезеңі
13
март
2020

«Ең үздік кітап оқитын мектеп-2020» байқауы» мектепшілік кезеңі

Жамбыл облысы  Меркі ауданы  Меркі ауылы

Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы

«Ең үздік кітап оқитын мектеп-2020» байқауы» мектепшілік кезеңі.

2020 жылдың наурыздың 10-11-күндері мектеп кітапханасында мектеп кітапханашылары П.Ж. Шамшиева мен А.Т.Макаева ұйымдастыруымен, бәсекеге қабылетті жастарды тәрбиелеу, оқушыларды рухани және интеллектуалды дамуына кітап оқу арқылы қызығушылығын арттыру, кітап оқуды насихаттау, мектебіміздегі «Ең үздік кітап оқитын сыныпты»  анықтау мақсатында «Ең үздік кітап оқитын мектеп-2020» байқауының мектепшілік кезеңі 9-10 сыныптардың қатысуымен өткізілді. Байқаудың бірінші күні әр оқушы оқуға тиіс 100 кітап бойынша 9-10 сыныптардан тест алынды. Осы тест сынамасынан 20 сұраққа түгел дұрыс жауап берген оқушылардың арасынан сәуір айында өткізілетін аудандық ІІ-кезеңге 10 «а» сынып оқушылары Жамшыбек Нұрдос пен Дүйсен Дильназ қатысушы атанды.Байқаудың екінші күні ұлы Абайдың 175-жылдығына орай байқаудың ережесі бойынша қатысушылар Абайдың қара сөзін және өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал содан кейін «Ата-бабамыздың рухани мұрасы» мақал-мәтел жарысына кезек берілді. Сайыстың шарты бойынша  «Отан, білім, тәрбие,  ынтымақ, бейбітшілік, халық, қонақжайлылық, батырлық, ата-ана мен бала, еңбек,   достық,  бірлік» тақырыбында әр топқа аяқталмаған 7-мақал беріліп,оқушылар жарыса  мақалдың жалғасын  жалғастырды және толық 5-мақалдан айтып берді.100-кітап бойынша оқушылармен әдеби-джем ойыны өткізілді. Әр топқа банкаға шығарманың қиындылары салынып, оқушылар ол қай шығарма және оның авторын тауып, қиындылардың беттерін құрастырды. Ойынның соңынан осы шығармалар: Ж.Аймаутовтің «Ақбылек» романы, Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі, Ә.Нұршайықовтің «Ақиқат пен аңыз» романы, М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» повесі  бойынша кітаптың қысқаша мазмұны, «Букктрейлер» көрсетілді. Екінші күнгі байқауда Абай оқуларын мәнерлеп оқып, тамаша әсер қалдырған 10 «в» сынып оқушысы Болат Қарлығаш, мақал-мәтелге қатысып, белсенділік танытқан 10 «б» сынып оқушысы Серік Дильназ аудандық ІІ кезеңге әділ-қазылардың шешімімен қатысатын болды.Осы мектепшілік кезеңнің қорытындысы бойынша 10 «а» сыныбы «Ең үздік кітап оқитын» сынып атанды. Оқушылар грамота, алғыс хаттармен марапатталды.


кітапхана меңгерушісі                  П.Ж. Шамшиева 











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив