17
сентябрь
2023
Кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларының ата-аналармен, полиция қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
2023 жылдың қыркүйектің 15 күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында 8-11 сынып оқушыларының ата-аналармен, полиция қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді. Мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиева мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауын ата-аналарға таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры өз сөзінде құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық іс-шараларды күшейту, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы және оларға қатысты қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу және болдырмау. Буллинг және Кибербуллинг бойынша, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау керектігін түсіндірді. АПБ бастығының орынбасары полиция майоры Сейтжан Төлеген Жеңісұлы өз сөзінде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатігездік көрсетуді азайту бойынша және жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың болдырмау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру керектігін түсіндірді. Мектеп оқушылары ата-аналарына автокөлік басқару, мотоцикл, мопед және электроскутер басқару бойынша кәмелетке толмағандарға тиым салынғаны жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.