24
ноябрь
2020
«Тәуелсіздіктің- 7 қыры»
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 5-11 сынып оқушылары
«Тұңғыш Президент күніне орай «Тәуелсіздіктің- 7 қыры» тақырыбында деректі фильмдер топтамасын "Ютуб" каналы арқылы көріп тамашалады.
Мақсаты: оқушыларды деректі фильмдерде айтылатын ұшқыр ойлармен таныстыру. 2019 жылы "Кемеңгерліктің 30 жылдығы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткен 7 сын-қатерге негізделгенін ұғындыру; 7 деректі фильм Тәуелсіздіктің жеті қырын ашатынын оқушы бойына сіңіру. Елбасының бастамасын жалғастыру, оның саясаткерлігі мен көрегендігінің арқасында салынған даңғыл жолдан адаспай, болашаққа жол азық ету - келешек ұрпақтың қолында. Осы мақсаттарда мектебіміздің тарих пәні ұстаздары, сынып жетекшілері өз оқушыларымен бірге деректі фильмдерден алған әсерлерімен бөлісті. Атап айтқанда, экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісім, антиядролық бастамалар, жаңа астана, транзиттік әлеует, отандастардың Отанына оралуы. Фильмдердің мазмұны - Елбасының елдің дамуы бойынша күрделі саяси шешімдер қабылдауының куәгерлерінің естеліктері мен түсініктемелерімен құрылған. Сондай-ақ мұнда тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің сұхбаты қамтылған. Нәтижесінде:
1. Оқушыларға фильм Қазақстанның экономикада, құрылыс секторында, ішкі көші-қонда көптеген мультипликативтік үдерістерді іске қосқан жаңа жас Астананың құрылысын қалай бастағанын көрсетті;2. Барлық фильмдерде жүргізіліп жатқан реформалардағы Елбасының негізгі рөлін ашуға, бұрын белгісіз фактілерді жария етуге және оларды іс жүзінде іске асыруды, егжей-тегжейін ашуға ерекше назар аударылды;3. Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді ұйымдастыру және «Тәуелсіздіктің- 7 қыры» деген тақырып жеке тұлға мен мемлекеттің қалыптасу жолы талқыға салынды;4. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деген үмітпен,өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі екенін түсінді;5. Тұңғыш Елбасының «Жақсы өмір сүрудің бір ғана жолы бар, ол –аянбай еңбек ету»-деп айтқан қанатты сөзі оқушыларға жаңа заман талабында рухани жаңғырып өсуіне алып келеді.