24
декабрь
2020
"Өзіңе сен!","Сен ҰБТ-да жеңіске жетесің!"
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖББМГ психологтары: Э.А. Ахметова, Ф.М. Саут, Ж.Е. Бекмуханбетова 11 сынып оқушыларымен "Өзіңе сен!","Сен ҰБТ-да жеңіске жетесің!" тақырыбында тренинг жүргізілді. Мақсаты: ҰБТ-ға әзірлік уақытында түлектердің өздерін ұстау әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру, өздік бақылауды, өз-өздеріне сенімділікті арттыру, жүктемені көтере білуге машықтандыру; ҰБТ-ға деген жағымсыз ойлардың, қорқыныш, үрей секілді ахуалдардан арылу және топтың өзара татулығын күшейту, жағымды эмоциялық көңіл-күй тудыруға жағдай жасау; Психологиялық жаттығулар арқылы көңіл-күйлерін көтеру. Стреске қарсылықты күшейту. Бүгінгі 11 сынып оқушыларымен өткізген тренингімізде , ҰБТ алдында психологиялық көңіл-күй сыйлау, 11 сыныптарды қолдау,қиындықты жеңе білуге топ болып жұптана жұмыс істеу мақсатында өткізілді. Ойындарымызға еркін қатысып, көңілді өткізілді. Тренинг барысында: "Келіңіз көңіл сергісін" , "Эксперимент", "Өз болашағын елестету", "Майшам", "Жүректен жүрекке" жаттығуы өткізілді. Оқушылар тренингтен алған әсерін білдіріп бір-біріне тілектер ұсынылды. Күн сайын биіктеген әр сатымыз. Біздің бір тілегіміз мақсатымыз. Әрдайым ашық болсын аспанымыз. Біліммен шыға берсін жақсы атымыз, - деп өз ойларын қорытындылады.