Мектеп тарихы » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2017

Мектеп тарихы


Мектеп тарихы

 

№39 Темірбек Қожакеев атындағы орта мектеп-гимназиясының іргетасы 2005 жылы орта мектеп болып құрылған. 2008 жылы мектепке «Гимназия» статусы» берілді. 2010-2011,2011-2012 оқу жылдары республикадағы «ең үздік 100 мектептің» қатарына қосылды. 2012 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде салынған жаңа ғимаратқа көшірілді. Мектеп директоры -Сейткулова Күләш Бекқұлқызы, білім ордасын 2005 жылдан бері басқарып келеді.

Жыл сайын мектеп оқушылары мен ұстаздары облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі жетістіктерге жетіп, жоғары дәрежеде құрмет грамоталары мен алғыс хатпен марапатталды.«Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен -1 ұстаз, Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің үздігі » төсбелгісін иеленген – 3 ұстаз, Қазақстан Республикасының «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісінің иегері – 1 ұстаз , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен -5 ұстаз, облыс әкімінің құрмет грамотасымен - 10ұстаз , облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен - 35 ұстаз марапатталған.

Мектептің білім беру сапасын жаңартуда 21 ұстаз деңгейлік курстан өтіп, біліктілігін көтерді.

2005-2014 жылдар аралығында ҰБТ бойынша білім сапасы көрсеткіші аудандағы алдынғы қатардағы орынды алды . Соңғы 3 жылда «Алтын белгі» иегерлері-Б.Жабықбай, Е.Диханбай, Г.Жұмағұл, Е.Нурхалиев, С.Сабыр, А.Төребекова, А.Бадамбай, А.Төркінбаева, А.Кенесхан, А.Боран.

Халықаралық деңгейде жарыстар мен байқаулар бойынша -46 оқушы жүлдегер атанса, республика деңгейінде 15 оқушы, облыстық дәрежеде -10 оқушы марапатталды.

Шәкірттерінің дарындылығы мен білімін арттыруда облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде жарыстар мен байқауларда жоғары жетістікке жеткен ұстаздарымыз: Ж.Сүгірбекова, Н.Сраилова, М.Халитова, А.Разақова, М.Александрович, Д.Әбдікерім, Ә.Байболатов, Б.Темірғалиқызы, Г.Баубекова, А.Ноғайбекова, Т.Журавлева, А.Сұлтанова.

 

 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив