Тәрбиелік іс-шаралар » Страница 83 » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау» көктемгі айлығы өткізілді.
11
апрель
2022
«Суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау» көктемгі айлығы
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін   мектеп-гимназиясында білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған «Суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау» көктемгі айлығы өткізілді. Мектеп педагог-психологтарының ұйымдастыруымен «Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 5-11 сынып оқушыларынан «Мазасыздықтың ,қорқыныштың жалпы деңгейін анықтау Тейлор әдіістемесі жүргізілсе,  9-11 сынып оқушыларымен Айзенг тесті жүргізіліді. Мақсаты: Суицидалдық
Биология, химия, география және физика пәндері айлығының ашылуы болды.
11
апрель
2022
Биология, химия, география және физика пәндері айлығының ашылуы болды.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында "Жаратылыстану пәндері сабақтарында білім алушылардың танымдық-шығармашылық белсенділіктерін дамыту"  тақырыбында биология, химия, география және физика пәндері айлығының ашылуы болды.  Мақсаты: Жаратылыстану пәндері сабақтарында білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін тиімді дамыту жолдарын ұсыну.  11-29.04 аралығына жоспарға сай ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, коучинг, семинар сабақтар ұйымдастырылды.
Асық атудан жарыс өткізілді.
11
апрель
2022
Асық атудан жарыс өткізілді.
        Ағымдағы жылдың 11-сәуірінде Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында сәуір айының 11-де  Ғалым, филология ғылымдарының докторы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Темірбек Қожакеевтің 95 жыл толуына орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Н.Жарылқасым,Н.Айнаев, Н.Молдазым, 4-7 сыныптар  арасында асық атудан жарыс өткізілді.        Мақсаты: - рухани адамгершілік құндылықтарды және салауатты өмір салтының мәдениетін қалыптастыру; -әр түрлі жас
"Талмен бірге өсейік!" атты көгалдандыру акциясы өткізілді.
08
апрель
2022
"Талмен бірге өсейік!" атты көгалдандыру акциясы өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да  8 сәуір күні  «Жас Ұлан» ұйымының  ұйымдастыруымен, "Талмен бірге өсейік!" атты көгалдандыру акциясы өткізілді.  Ұйым мүшелері мектеп ауласына  түрлі жеміс  ағаштарын отырғызып, оларды суғарып  өз үлестерін қосты. Акция мақсаты: туған жердің тазалығын сақтау, оқушыларды көгалдандыру жұмысымен шұғылдандыру және табиғатты сүюге, аялауға,  қорғауға баулу.
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында жас мамандармен тренинг жүргізді.
06
апрель
2022
«Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында жас мамандармен тренинг
2022 оқу жылы сәуір айының 5-шы жұлдызында  мектеп психологы: Асубаева.Г.А. «Жақсы көңіл-күй жан азығы» тақырыбында жас мамандармен тренинг жүргізді.  Мақсаты:  мұғалімдердің көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынасты орнату.
Қыздар жиналысы өткізілді.
06
апрель
2022
Қыздар жиналысы өткізілді.
     Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ – да 8-10 сынып қыздарына жеке дара кезектен тыс жиналыс өткізілді. Жиналыста  мектеп оқушылармен АІІБ-нің қызметкері полиция лейтенанты Г.Б. Килебаевамен кездесу ұйымдастырып, оларды  мектептің ішкі тәртібі мен жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында  ұйымдастырылды.  АІІБ-нің қызметкері Г.Б. Килебаева жолда жүру ережесі, зиянды заттарды қолданудың алдын алу  тақырыптарында әңгіме жүргізді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  ДТІЖО
«Көрікті менің мектебім» тақырыбында көгалдандыру  жұмыстары жүргізілді.
06
апрель
2022
«Көрікті менің мектебім» тақырыбында көгалдандыру жұмыстары
      Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында  мектеп ауласын абаттандыру мен көгалдандыруға арналған мектеп оқушылары арасында «Көрікті менің мектебім» атты жеміс ағаштарын егу бойынша оқушылармен көгалдандыру  жұмыстары жүргізілді.  1-11 сынып оқушылары бірлескен жұмыста, 1-10 сынып оқушылары роза гүлі мен жеміс ағаштарын ексе, ал 11 сынып оқушылары ақ қайың әкеліп  отырғызды. Қазіргі таңда ауасын жұтып, суын ішіп отырған Табиғат Ананы қорғап, аялау –
«Дін, қоғам және жастар» тақырбында   кездесу ұйымдастырылды.
05
апрель
2022
«Дін, қоғам және жастар» тақырбында кездесу ұйымдастырылды.
      Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында Діни экстремизм және терроризмге қарсы күреске бағытталған жоспар аясында наурыз айында «Дін, қоғам және жастар» тақырбында   кездесу ұйымдастырылды.   Мақсаты: а) Оқушыларға экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта
"Ана" туралы эссе жазды.
04
апрель
2022
"Ана" туралы эссе жазды.
     "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында Темірбек Қожакеев атындағы № 39 жалпы орта  білім беретін мектеп гимназия кітапханасында  4-наурыз күні  5 "б" сынып оқушылары "Ана" туралы эссе жазды. Эссе жазуға 14 оқушы қатысты. Мақсаты: Жас ұрпақ бойында елжандылықты , ұлттық құндылықтарды, азаматтык, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Дайындаған кітапхана меңгерушісі Макаева А.Т.
Жас мамандар онкүндігінің ашылуы
04
апрель
2022
Жас мамандар онкүндігінің ашылуы
2022 жылдың 4-сәуір күні « Ел ертеңі- жас маман!» атты онкүндіктің ашылуына байланысты салтанатты тізбек өтті. 2022 жылдың 4-сәуірінен 16-сәуірі аралығында жас мамандардың ашық сабақтары өткізілетін болады. Онкүндіктің  мақсаты:  Жас мұғалімдердің теориялық білім деңгейін практикада қолдану аясын саралау және ерекшеліктеріне назар аудару арқылы мұғалім беделінің жоғарылауына жол ашу. Онкүндіктің жоспарында ашық сабақтар, ашық іс-шаралар ұйымдастырылады.