«Тәуелсіздік – ел тірегі» атты қашықтан мектепішілік шығарма байқауы » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты қашықтан мектепішілік шығарма байқауы
11
декабрь
2020

«Тәуелсіздік – ел тірегі» атты қашықтан мектепішілік шығарма байқауы

«Тәуелсіздік – ел тірегі»

2020 жылдың 10 - 12 желтоқсан күндері аралығында 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты қашықтан мектепішілік шығарма байқауын ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты - оқушыларға тақырып бойынша Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстырып, Тәуелсіздік ұғымын терең түсіне білуге тәрбиелей отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Байқауға 5-11 сынып оқушыларынан жалпы 36 оқушы қатысты. Оқушылар жазған шығармаларын онлайн форматта жіберді. Шығарма жұмыстары қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері тексеріп, нәтижесін шығарды.
5-6 сынып оқушылары арасынан «Ең үздік шығарма» номинациясы бойынша 5 «г» сынып оқушысы Серік Алия, 6 «а» Білімжан Анеля, 7 «д» Ратбек Әсем, 8 «а» Бақтияр Ділназ, 9 «е» Есеналы Нұрайым, 10 «б» Білімжан Аида , 11 «б» Ермек Тоғжан марапатталды.
Дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар төмендегідей:
І орын: 5 «а» сынып оқушысы Дәулетбай Мерей, 5 «б» Ұзақбай Медина, 6 «г» Ернияз Нұрай, 7 «д» Баймахан Жания, 8 «б» Аман Еңілік, 9 «а» Баймахан Нұрай, 9 «г» Шапай Сымбат, 10 «а» Айтбекова Маржан, 11 «в»
ІІ орын: 5 «г» Рысбек Бану, 5 «б» Қырғызбай Аяжан, Айбарқызы Айым, 6 «в» Нұртай Гүлшат, 7 «г» Тұңғышбай Аяулым, 8 «д» Жарылқасын Зерделі, 9 «а» Ерназар Ақбота, Таубай Балнұр, 10 «б» Браун Жансая, 11 «б» Есмаханбет Дания.
ІІІ орын: 5 «г» Абдикерим Алиби, 6 «ә» Жақсылық Жанерке, 7 «г» Яхия Назерке, 7 «а» Серікбай Жанмұхамбет, 8 «а» Махмұт Перизат, 8 «б» Асылхан Дамир, 8 «в» Аманбекқызы Жанель, 9 «г» Өзгеріс Адема, 9 «в» Серік Балнұр, 10 «а» Серік Қуаныш, 10 «б» Маркленұлы Ердос.
Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтай отырып, өнерлерің өрге жүзіп, қаламдарың шыңдала берсін.
Тәуелсіздігіміздің 29 жыл бойы басынан өткерген жетістіктеріне қуана отырып, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұрпағы екенімізді мақтан тұтамыз.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, баянды болсын! Әрқашан күн сөнбесін! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив