10
декабрь
2021
Дойбы-ақыл-ой"
2021 жылдың 7-ші желтоқсанында Темірбек Қожакеев атындағы #39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 8-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Дойбы-ақыл-ой" ұранымен дойбыдан мектепішілік байқау ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты - оқушылардың бойында отансүйгіштік қасиеттерін, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, жасөспірімдер арасында дойбы ойынын насихаттау. Осы іс-шараны ұйымдастырушылар - дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Жексенов А, Жумагулов А, Бекқұл Б. Аталған ұстаздар төрешілік жасап, оқушылардың жетістіктерін шынайы бағалады. Байқау нәтижесінде 1-орынды 9"б" сынып оқушысы Нәрікбай Дарын, 2-орынды 9"б" сынып Ихласбек Абылай, ал 3-орынды 10 "д" сынып оқушысы Марат Арсен иеленді.