07
ноябрь
2020
"Спорт - жемқорлыққа қарсы және Зорлық-зомбылыққа қарсы" атты ұранымен мектепішілік шахмат ойынынан жарыс өткізді.
Темірбек Қожакеев атындағы #39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында әртүрлі тақырыптарда мектепішілік үйірме жұмыстары ұйымдастырылып өткізілуде. Соның нәтижесінде 6-шы қараша күні "Шахмат" үйірмесінің жетекшісі, еңбек пәнінің мұғалімі Төреқұл Нұрбек Төреқұлұлының ұйымдастыруымен күзгі демалыс мезгілінде 5-10 сынып оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай "Спорт - жемқорлыққа қарсы және Зорлық-зомбылыққа қарсы" атты ұранымен мектепішілік шахмат ойынынан жарыс өткізді. Мақсаты - оқушының күзгі демалыс кезіндегі уақытын тиімді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы бұқаралық спорт мәселесін жүзеге асыру. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, шахмат ойынын кеңінен насихаттау. Ойын айналмалы ойын ережесі бойынша өткізілді. Ойын нәтижесінде жартылай және ақтық ойындарға топта 1,2,3 орын иеленген оқушылар шықты. Оқушылар екі топқа бөлініп, әр топ 2 қыз бала, 2 ұл баладан (4 спортшы) құралды. Жарыс барысында ойынға қатысушыларға қойылған талаптар мен ережелер төрешілер тарапынан жете қадағаланып бағаланды. Ойын жарысының нәтижесінде 10-сынып оқушысы Шалхаров Азамат - І орынды, 9-сынып оқушысы Марат Арсен - ІІ орынды, Иса Назар - ІІІ орынды иеленді. Ойын төрешісі Төреқұл Нұрбек Төреқұлұлы барлық ойыншыларды құттықтап, сәттілік тіледі. Шахмат ойынын әрі қарай дамытып, әлем чемпионатына қатысып, Қазақстанның атын әлем деңгейінде шығаратын осы біздің жас ұрпақ екеніне сенім білдірді.